Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Асқат Алагөзовтің хабарлауынша, Садыр Жапаров елдегі БАҚ басшыларымен кеңес өткізіп, оның барысында ел Парламентінде қаралып жатқан «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қырғыз Республикасының заң жобасы талқыланды.
«Кездесу қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің ақпаратын тыңдап, олардан түскен ұсыныстарды ескере отырып, Садыр Жапаров аталған заң жобасын пысықтауды тапсырды», — деп хабарлады баспасөз хатшысы.
Еске сала кетсек, Қырғызстанда «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» қолданыстағы Заңы 1992 жылы 2 шілдеде қабылданған. Жаңа заң қабылдау қажеттілігі қолданыстағы заңның құқықтық ресурсының күші жоқтығына және қазіргі қоғам шындығына сәйкес келмейтін моральдық тұрғыдан ескіруінен туындап отыр. Президент әкімшілігі әзірлеген «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» жаңа заң жобасы биылғы қаңтарда Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешінің қарауына жіберілген болатын.