Әлем

Қырғызстанда әскери борышты өтеу мерзімінің қосымша 2 айға созылуы мүмкін

Қырғыз елінің әскери қызмет туралы заңнамасына өзгертулер енгізілді, деп хабарлайды Turanews.kz Қырғызстандық «Кабар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров 14 шілде күні «Қырғыз Республикасы азаматтарының жалпыға бірдей әскери міндеті, әскери және балама қызметтер туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.

Жогорку Кенеш аталған заңды 7 маусымда қабылдаған болатын.

Заңға сәйкес, жоғары оқу орындарын бітірген азаматтар үшін келісімшарт бойынша әскери қызмет мерзімі 5 жылдан 10 жылға дейін ұлғайтылды.

Сондай-ақ, қорғаныс мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның басшысына мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді әскери қызметте белгіленген мерзімнен артық уақытқа қалдыру құқығы берілді. Әскерде қосымша қалдыру уақыты 2 айға дейін созылуы мүмкін. Бұл шара Қарулы күштер Бас штабы бастығының, мерзімді әскери қызмет көзделген мемлекеттік органның тиісті басшысының өтініші бойынша жүзеге асырылады.Қырғызстанда әскери борышты өтеу мерзімінің қосымша 2 айға созылуы мүмкін

TuraNews

Back to top button