БастыҚоғамМәдениет

Қырғызстанда әнұранның жаңа нұсқасына музыка жазуға байқау жарияланды

Мемлекеттік әнұранның жаңа редакциясына музыка жазуға арналған конкурс жарияланды.

Бұл жөнінде Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәлімдеуінше, әнұран мәтіні мен музыкасын жаңарту мәселесіне арналған ведомствоаралық комиссияның төртінші отырысында 16 маусым мен 17 шілде аралығында қабылданған 132 ұсыныстың ішінен бес мәтін іріктеліп алынған.

Конкурстың екінші кезеңінде композиторлар, музыканттар және орындаушылар осы бес мәтіннің біріне сәйкес келетін музыкалық нұсқаларын ұсына алады. Музыкалық ұсыныстарды қабылдау биылғы 8 қыркүйекке дейін жалғасады.

Қатысушылар өз материалдарын келесі мекенжайға жолдауы қажет: Бішкек қаласы, Пушкин көшесі, 8-үй, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі.

— Іріктеу нәтижесі бойынша комиссия үш үздік нұсқаны (мәтін мен музыка) Жогорку Кенештің қарауына ұсынады, — делінген хабарламада.

TuraNews

Back to top button