Қырғызстандағы төлем карталарының саны өткен жылдың сәйкес кезімен салыстырғанда 1,5 есеге өсті (2 682 465 бірлік), деп жазады Trend.az агенттігі.
Есепті кезеңде Visa Қырғызстандағы айналымдағы барлық карталардың 53,2 пайызын құраса, өткен жылдың екінші тоқсанының соңында бұл көрсеткіш 43,96 пайызды құраған.
Ең көп Visa картасы ел астанасы Бішкекте – 3 218 726, ал ең азы Нарын облысында – 39 135 карта тіркелген.
Айта кетейік, Қырғызстанда айналымдағы банктік төлем карталарының жалпы саны екінші тоқсанның қорытындысы бойынша 7,984 миллион картаға жеткен. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төлем карталарының саны 30,8 пайызға, ал жыл басынан бері 15,9 пайызға артқан.