Бүл туралы Қырғызстанның Кабар агенттігі жазды.
Қырғыз Республикасының Экономика және сауда министрлігіне Дүниежүзілік сауда ұйымының хатшылығы мен Еуразиялық экономикалық комиссияны белгіленген тәртіппен уақытша тыйымның енгізілгені туралы хабардар ету тапсырылды.
«Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы қаулы күшіне енген күннен бастап үш күннен кешіктірмей Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитетін жоғарыда аталған уақытша тыйымның енгізілгені туралы хабардар етсін.
Мемлекеттік кеден қызметі мен Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тауарларды заңсыз әкетудің жолын кесуге бағытталған қажетті шараларды қабылдасын», — делінген құжатта.