Қырғызстандағы ауруханалардың бірінде жан түршігерлік оқиға орын алды.
Ел астанасы Бішкектегі Ана мен бала ұлттық орталығына барған 8 жасар қыздың миында ісік бар екені анықталды.
Медициналық тексеруден кейін, жасалған операция кезінде қыздың миында шаш жиналғаны анықталып, дәрігерлер оны алып тастаған.
Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде операцияның сәтті өткені және қыздың миындағы шаштың 8 жыл бойы ішке қарай өскені атап өтілді.
Сондай-ақ мәлімдемеде бұл жағдай жатырдың дамуындағы ауытқулардан туындауы мүмкін екендігі айтылған.