Қырғызстанда 2 мыңнан астам студент оқудан шығарылды
Қырғызстанда заңбұзушылыққа байланысты Баткен мемлекеттік университеті мен оның филиалдарынан 2 170 студент оқудан шығарылды.

Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, оқу орнында сабаққа қатысу ережелерін бұзу және жоғары және арнаулы оқу орындарының талаптарын елемеу фактілері анықталған.
Тексеру нәтижесінде университет пен оның тиісті құрылымдарынан 2 170 студент шығарылды. Атап айтсақ, Баткен мемлекеттік университетінен – 570, М.М.Тайыров атындағы Қызыл-қия гуманитарлық-педагогикалық институтынан – 801, Қызыл-қия технология, экономика және құқық институтынан – 380, А.А.Машрабов атындағы Сүлұқта гуманитарлық-экономикалық институтынан – 170, Көптілді университетінен – 177 234, БатМУ жанындағы педагогика және коммуникация колледжінен – 14.
Арнайы қызмет білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық пен басқа да заңсыз көріністерді анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.