ӘлемСаясатЭкономика

Қырғызстан ұн мен бидай экспортына уақытша тыйым салды

Қырғызстанның министрлер кабинеті ұн мен бидай экспортына уақытша тыйым салды Бұл туралы Қырғызстан министрлер кабинетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі хабарлайды.

«Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік тауарларының нарықтық бағасын тұрақтандыру мақсатында Қырғызстаннан тысқары жерлерге ұн мен бидайды экспорттауға алты ай мерзімге уақытша тыйым салынды», – делінген қаулыда.

Қырғызстанның Экономика және сауда министрлігіне Дүниежүзілік сауда ұйымының Қауіпсіздік шаралары жөніндегі комитетін, Еуразиялық экономикалық комиссияны және ТМД Атқару комитетін уақытша тыйымның енгізілгені туралы хабардар ету тапсырылған.

Қаулы ресми жарияланған күнінен бастап үш күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі Қырғызстанның кеден аумағынан тысқары жерлерге ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлерін қаулы жобасын қоғамдық талқылауға ұсынған.

Via
Kursiv Media

TuraNews

Back to top button