Қырғыз Республикасының Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 9%-ға дейін төмендетті. Шешім 2024 жылдың 28 мамарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Қырғыз Республикасының Ұлттық банкі.
Реттеушінің мәліметінше, Қырғызстанда инфляцияның төмендеуі жалғасуда. 2024 жылғы мамырда тұтыну бағаларының жылдық өсу қарқыны 4,4%-ды (2023 жылғы желтоқсанда – 7,3%) құрады.
Ақша-несие саясатын жұмсарту жылдық инфляцияның тұрақты баяулауы жағдайында мүмкін болды, оның мәні ағымдағы жылдың соңына қарай орташа мерзімді мақсатты 5-7% шегінде болады деп күтілуде.