БастыДенсаулық

Қырғызстан тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

Қырғызстанда 15 мамырда Кемин ауданы Карол-Добо ауылының тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды.

Бұл туралы аталған елдің Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрлігі Республикалық карантиндік және аса қауіпті инфекциялар орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, ветеринариялық қызмет және Республикалық карантиндік және аса қауіпті инфекциялар орталығының мамандары бірлесіп аталған ауылда эпизоотиялық және эпидемиологиялық тергеу жүргізген. Сойылған жануардан (ет, топырақ) алынған сынамалар зерттеуге жіберілген.

Сойылған жануарға сібір жарасына қарсы вакцина егілгені мәлімделді. Кемин ауданында сібір жарасы бойынша эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспары уақтылы 162% орындалды. Кемин ауданының Карол-Добо аумағында бұған дейін сібір жарасының ошағы тіркелмеген.

Бүгінде жергілікті сібір жарасына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілуде. Вакцина және дезинфекциялау құралдарымен 100% қамтылған.

Ветеринариялық қызмет резервінде сібір жарасына қарсы жоспарлы екпе салу үшін 846 489 доза вакцина бар.

Бұған дейін хабарланғандай, 9 мамырда Қырғызстанда ветеринарлық тексерусіз сойылған сиырдың етін жегеннен кейін елдің бір өңірінің тұрғыны сібір жарасын жұқтырған.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button