Саясат

Қырғызстан «Талибанды» тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастады

Қырғызстан «Талибан» қозғалысын тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастады.

Бұл туралы Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі хабар таратты.

«Елдің құзырлы мемлекеттік органдары мұқият қарап, жан-жақты бағалау жүргізгеннен кейін «Талибан» қозғалысын Қырғызстанда тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығару туралы шешім қабылданды», — деп хабарлады елдің Сыртқы істер министрлігі.

Атап өткендей, бұл шешім өңірлік тұрақтылықты нығайтуға және диалогты қолдауға бағытталған.

«Қырғызстан Ауғанстанда және тұтастай алғанда аймақта тұрақты және бейбіт ортаны қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін қолдауға дайын», — делінген ведомство хабарламасында.

TuraNews

Back to top button