Қырғызстанда қызметкерлердің қашықтан жұмыс істеуін реттейтін Еңбек кодексіне қосылған өзгерістер күшіне енді, деп Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Қырғызстан Республикасы Еңбек кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Қырғызстан Республикасы қабылдаған заңға қашықтан жұмыс істеу және электронды еңбек келісімшарты ұғымы енгізілді. Қашықтан жұмыс істейтін қызметшімен еңбек кодексін қашықтан, яғни электронды еңбек келісімшарты түрінде электронды қолтаңбамен бекітуге рұқсат етіледі. Өзгерістер мемлекет тарапынан болған шектеу шаралары мен төтенше жағдай кезінде, сондай-ақ фрилансерлер мен шалғай елді мекендерде орналасқан қызметкерлерді жұмысқа алу шарасын жеңілдетеді.
Қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлерге жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы жұмыс жағдайларын, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын, еңбекті қорғау, демалыс беру, өтемақы төлеу мөлшерін, тәртібі мен мерзімін қамтитын еңбек заңнамасының жаңа нормасындағы ерекшеліктерді ескере отырып, еңбек туралы заңнаманың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің ережесі қолданылады.
«Қырғызстан Республикасы Еңбек кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Заң 2023 жылдың 11 қаңтарынан күшіне енді.