БастыСаясат

Қырғызстан Президентіне 2 рет қастандық жасамақ болғандардың жолы кесілді

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа 2 рет, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиевке 5-6 рет қастандық жасамақ болғандардың жолы кесілді.

Бұл туралы Қамшыбек Ташиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Қамшыбек Ташиевтің айтуынша, ол көлікпен жүріп өтетін жолды жарып жібермек болған. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне хат та келген. Онда комитет төрағасы мен оның отбасын қорқыту мақсатындағы мәтін жазылған.

Ташиев сол мәтіннен шетелдік барлау қызметтері мен кейбір олигархтардың қолтаңбасын танығанын жеткізді.

«Сендер маған ұсынған миллиондарды алған жоқпын. Сендерді біздің елде криминалитет те, олигархтар да болмайтыны ашуландырды. Егер менің көзімді жойсаңдар, бәрі өздеріңе қайтып келеді. Бәлкім, маған залалдарыңды тигізетін де шығарсыңдар. Бірақ кеудемде жаным тұрғанда осы бастаған жолымнан қайтпаймын», — деді Қамшыбек Ташиев.

TuraNews

Back to top button