Басты

Қырғызстан президенті Тоқаевқа көңіл айтты

Қырғызстан Республикасының президенті Садыр Жапаров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа орман өртінен қаза тапқандарға байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Turanews.kz.

11 маусымда Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдің шығысындағы орман өрті салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, бүкіл қырғыз халқының атынан және жеке өз атымнан Қазақстанның шығысында болған орман өрттері салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты қайғыларыңызға ортақтасып көңіл айтамын. Орны толмас қазаның азабы мен қасіретін бөлісе отырып, қаза болған қазақстандықтардың туыстары мен жақындарына шын жүректен қолдау білдіруіңізді және барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін сұраймын», — делінген Қырғыз Республикасы Президентінің жеделхатында.

TuraNews

Back to top button