Саясат
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Түркияның ішкі істер министрін қабылдады
Садыр Жапаров Қырғыстанға сапармен келген Түркия Республикасының Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлуны қабылдады, деп хабарлайды Ала-Тоо 24.
Қырғызстан президенті мен Сойлу кездесу барысында Практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және Қырғызстан мен Түркия арасындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонмен күрес және басқа да өзекті салалардағы келісімдерді жүзеге асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.