Саясат
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров ресми сапармен Брюсселге барды
24 маусымда Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров іскерлік сапармен Бельгияның Брюссель қаласына келді.
Кеше, Қырғыз басшысының ұшағы Брюссельдің халықаралық әуежайына қонды.
Садыр Жапаровты Еуропалық Одақтың делегациясын Еуропалық сыртқы саясат қызметінің Ресей, Шығыс серіктестік, Орталық Азия, және ЕҚЫҰ бойынша директоры Люк Девинье қарсы алды.
Айта кетейік, сапар барысында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Бельгия Королі Филипппен кездеседі. Сондай-ақ, Садыр Жапаров Еуропа Кеңесінің төрағасы Шарль Мишельмен ресми кездесу өткізіп, екіжақты бірлескен құжаттарға қол қояды деп күтілуде.