
Бұл туралы Қырғызстан президенті әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Азымбакиев мәлім етті, деп хабарлайды TuraNews.kz.
«Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 8-10 тамызда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуіне және «Орталық Азия + Жапония» диалогы мемлекет басшыларының саммитіне қатысу үшін Астана қаласына жұмыс сапарымен барады.», — деді ол.
Сапар барысында Жапаров Жапония премьер-министрі Фумио Кишидамен келіссөздер жүргізетіні атап өтілді.
«Астанада өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы консультативтік кездесуі мен «Орталық Азия + Жапония» диалогы мемлекет басшыларының саммиті көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ аймақтық ынтымақтастық перспективалары талқыланады»-, денілген хабарламада.