ӘлемСаясат

Қырғызстан президенті Ирандағы лаңкестік шабуылды айыптады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Иранның Кирман қаласындағы лаңкестік шабуылды айыптады, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Президенттік Баспасөз орталығынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Иранның Кирман қаласындағы лаңкестік шабуылға байланысты Иран президенті Ибрахим Реисиге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қырғызстанның жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қатер төндіретін лаңкестіктің барлық түрін қатаң айыптайтынын айтқан президент Жапаров қаза тапқандардың отбасылары мен бауырлас Иран халқына көңіл айтты.

Иранның Кирман уәлаятында Иран Төңкеріс Сарбаздары армиясына қарасты Иерусалим күші қолбасшысы генерал Касым Сүлеймани бейітінің жанында болған екі жарылыс салдарынан 95 адам қаза тапқан еді.

 

Source
TRT Net

TuraNews

Back to top button