Әлем
Қырғызстан президенті Бішкекте жарылыс болған жылу электр орталығына барды
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров түнде апат болған Бішкек жылу электр орталығындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты
Қырғызстан Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ел астанасындағы жылу электр орталығының жұмысын тез арада қалпына келтіру жөнінде шұғыл тапсырма берілді. Барлық тиісті қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2 қаңтар күні түнгі сағат 3-те Бішкек жылу электр орталығында апат болып, қондырғылар істен шыққаны хабарланған болатын. Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Қырғыз Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров Алматыға жұмыс сапарын тоқтатып, жедел штабтың отырысы өтіп жатқан Бішкекке оралды.
Қырғызстан Республикасы ТЖМ мәліметінше, апаттың шығу себебінің екі нұсқасы қарастырылып жатыр. Оның бірі – диверсиядан болуы мүмкін, екіншісі – техногендік жағдай.