БастыСаясат

Қырғызстан Премьер-Министрі отставкаға кетті

Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров отставкаға кетті.

Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров қызметінен босатылды. Тиісті жарлыққа ел президенті Садыр Жапаров қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

24.kg сайтының хабарлауынша, Жапаров арызды өз еркімен жазған

«Ақылбек Жапаров 2021 жылдың 1 маусымы мен 12 қазаны аралығында Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары болды. Ол бұл қызметті Экономика және қаржы министрлігін басқарумен біріктірді. 2021 жылдың 13 қазанынан бастап Министрлер кабинетінің төрағасы болды және министрлер кабинетін басқарды. Президент әкімшілігінде де басшылық етті», — деп нақтылады журналистер.

Бір ай бұрын парламентте министрлер кабинетінің есебін ұсынғаннан кейін Жапаров отставкаға кету мәселесі Құдайдың қалауы және президенттің шешімі екенін атап өтті.

Ақылбек Жапаров Министрлер кабинетінің басшысы қызметін 2021 жылдың қазан айынан бері атқарды.

 

TuraNews

Back to top button