СаясатТехнология

Қырғызстан порносайттарға тыйым салуды жоспарлап отыр

Жалпыұлттық интернет кеңістігін тазалау мақсатында Қырғызстан Республикасы Жогорку Кеңесінің Көлік, коммуникация, архитектура және құрылыс комитеті порнографиялық мазмұндағы сайттарға кіруге шектеу қоюды қарастыратын заң жобасын екінші және үшінші оқылымда мақұлдады.

Құжаттың негізгі мақсаты – азаматтардың рухани және адамгершілік құндылықтарын қорғау. Осыған байланысты, Қырғызстанның интернет кеңістігінде порнографиялық сипаттағы материалдарды таратуға толық тыйым салынады. Сондай-ақ, мұндай контентті таратқан тұлғаларға қатысты да жауапкершілік шаралары қарастырылған.

Егер заң күшіне енсе, порнографиялық контенті бар сайттарға арнайы ескерту жіберілгеннен кейін 24 сағат ішінде бұғат қойылады. Сайт иелеріне осы мерзім ішінде тыйым салынған материалдарды жою міндеттеледі.

Заң талаптарын орындамаған жағдайда, сайттың жұмысы екі айға дейін тоқтатылып, жаңа ресурстар жасауға тыйым салынады. Ресурсқа қолжетімділік контент толық жойылғаннан кейін немесе сот шешімі негізінде ғана қалпына келтіріледі.

TuraNews

Back to top button