БастыҚоғамСаясат

Қырғызстан өз азаматтарына уақытша Ресейге бармауға кеңес берді

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі азаматтарына Ресейге барудан уақытша бас тартуды ұсынды.

«Министрлік Ресей Федерациясына баруға дәлелді себептері жоқ отандастарға бұрын енгізілген қосымша қауіпсіздік шаралары мен мемлекеттік шекара арқылы кіруді бақылау режимі күшейтілгенге дейін оның аумағына барудан уақытша бас тартуды тағы да ұсынады. Ал егер бару керек болса, Ресей Федерациясына  кіруге шектеулердің бар-жоғын алдын ала тексеріңіз», – делінген ҚР СІМ сайтында.

Айта кетейік, Ресейде көші-қон саясаты қатал болып келеді. 31 шілдеде Ресей Мемлекеттік Думасына еңбек мигранттарына медициналық және фармацевтикалық салаларда, сондай-ақ мектеп пен мектепке дейінгі білім беру саласында жұмыс істеуге тыйым салуды ұсынатын заң жобасы енгізілді. Ал Мемлекеттік Думаның төрағасы Вячеслав Володин Ресей Федерациясына жұмыс істеуге келетін біліктілігі төмен мигранттарға отбасылары мен жақындарын өзімен бірге ала келмейтін заңдар әзірлеу қажет деп мәлімдеді.

TuraNews

Back to top button