БастыСаясат

Қырғызстан Министрлер кабинетін Парламенттің тапсырмасын орындауға міндеттемек

Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаттары үшінші оқылымда «Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті туралы» Қырғыз Республикасының конституциялық заңына Министрлер Кабинетін парламенттің тапсырмаларын орындауға міндеттейтін түзетулерді қабылдады.

Құжаттың бастамашысы депутат Дастан Жұмабековтң атап өтуінше, Жогорку Кенеш шешімдерінің орындалуын министрлер кабинеті емес, министрліктер мен ведомстволар деңгейіндегі атқарушы билік органдары қамтамасыз етеді, деп жазады Kazinform агенттігі.

Оның пікірінше, заңда құқық коллизиясы бар, өйткені Конституциялық заңның 13-бабында Министрлер Кабинетінің өкілеттігінде Жогорку Кенеш шешімдерін Министрлер Кабинетінің орындау нормасы жоқ.

Қабылданған заң жобасына сәйкес, Министрлер кабинетіне Жогорку Кенештің тапсырмалары негізінде Қырғыз Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар мен өкімдер шығару және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету өкілеттігі берілген. Министрлер Кабинетiнiң заң жобасын қарау мерзiмiн ұзартқан жағдайда, заң шығару бастамасы субъектiсiмен келiсiм бойынша ресми қорытынды беру мерзiмiн 15 күннен аспайтын мерзiм белгiлеу ұсынылады.

Бұған дейін Қырғызстанда азаматтардың өтініштерін қарау тәртібін бұзғаны үшін мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін күшейтуді жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.

 

TuraNews

Back to top button