БастыСаясат

Қырғызстан мен Тәжікстан су мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайтып отыр

Душанбеде қырғыз-тәжік су шаруашылығы комиссиясының бірінші отырысы өтті.

Қырғыз Республикасы Су және ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бірлескен комиссия Тәжікстан мен Қырғызстан арасында су ресурстарын тұрақты пайдалану, су және энергетикалық нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ су шаруашылығындағы ықтимал мәселелердің алдын алу және реттеу бойынша күш-жігерді үйлестіруде ынтымақтастықты нығайтуға көмектеседі.

Кездесу барысында шекаралас аймақтардағы аса маңызды гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту және қалпына келтіру үшін инвестиция тарту мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар комиссия аясындағы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button