Әлем
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында жер сілкінді

Қырғыз-тәжік шекарасында қуаты 3 балдық зілзала болды, деп хабарлайды TuraNews.kz Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
ҚР ҰҒА Сейсмология институты дерегінше, зілзала ошағы Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында, Чоң Алай қырқасы тауларында, Ачык-Суу ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 11 шақырым, Оштан оңтүстік-батысқа қарай 132 шақырым жерде тіркелген.
Қырғызстан елді мекендерінде дүмпу сезілген жоқ.