
Депутаттар келесі құжат жобаларын бірауыздан мақұлдады:
· Қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасы туралы шарт;
· Қырғызстан мен Тәжікстан арасында автомобиль жолдарын салу және пайдалану, автожол қиылысын дамыту және пайдалану туралы келісім (Торт-Кочо);
· Екі елдің үкіметтері арасындағы су шаруашылығы және энергетикалық нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету туралы келісім.
Кездесу барысында Қырғыз Республикасы ҰҚМК төрағасы Қамчыбек Ташиев парламентарийлерге бірлескен мемлекеттік шекараны сипаттау мәселесі бойынша тәжік тарапымен қол жеткізілген уағдаластықтардың егжей-тегжейлері туралы айтып берді.
Оның айтуынша, Лейлек өңірін сипаттағанда Қырғызстан мен Тәжікстан 190 га жерді өзара айырбастап алған.
— Тәжікстанның Кайрагач учаскесіндегі 155 гектар, Кайрагач анклавындағы 35 гектар жер Қырғызстанға берілді.
— Тәжікстан Саадта 21 га, Раззаковта 23,5 га, Селканда 4 га, Майтыда 7 га, Пролетарскіде 12,5 га, Улак-Жайда 15 га, Ак-Арыкта 7 га, Кара-Бакта 65 га, сондай-ақ Майтыда 35 га жер алды.
Баткен облысының Баткен ауданы мен Соғды облысының Исфара ауданының аумақтары реттелді. Осылайша, тәжік тарапы 141,9 га жер алады: Баткен облысындағы Достук ауылы (91 га), Мазейіт учаскесі (8,3 га), Кок-Терек ауылының жері (17,5 га), Таш-Тумшук ауылының жері (20,1 га), Дача учаскесі (5 га).
Өз кезегінде Қырғызстанға 142,7 га жер беріледі: Сомониён ауылы (18,4 га), Дахма учаскесі (3,1 га), Ходжи-Айло ауылының бір бөлігі (21,5 га), Говсувар (2,7 га), Мин-Булак (42 га), Лаккон учаскесінегі жер (5 гектар). Қырғызстанның Достук ауылындағы жаңа үйлердің өтемақысы ретінде Лакконнан 30 гектар суармалы жер алады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Ворух анклавының аумағы 19 мың га-дан 14,5 мың га-ға дейін қысқарды. Қырғыз Республикасы анклав төңірегіндегі мың гектар жайылымнан бас тартып, оның орнына Қараған-Сай аймағындағы Чон-Алай өңіріндегі дәл сондай аумақ жерді алды.
Тараптар сондай-ақ бейтарап статустағы жолдарды салу және пайдалану туралы келісімге келді: ·
• Тәжікстан ұзындығы 3425 метр және ені 40 метр Дача-Капчыгай-Хожаи-Аало-Ворух жолын салады және пайдаланады;
• Қырғызстан ұзындығы 3241 метр, ені 40 метр болатын Мин-Орук-Самаркандек-Ориен-Шуристон жолын салып, пайдаланады.
Сондай-ақ, Төрт-Кочо жолының 253,74 метр учаскесіне бейтарап статус беріледі.
Қырғыз Республикасы арнайы қызметінің басшысы елдер арасындағы «Головной» суайрығы екіге бөлінетінін хабарлады.
– Шекара өзен арнасымен өтетіндіктен, тәжік тарапы бөлуді сұрады, біз қарсы болдық. Ақыры 1,5 люк өзімізге, 1,5 люк тәжіктерге тиесілі болады деп келістік. Барлығы үш люк бар. Осы 3-4 метр жердің орнына өтемақы ретінде 750 га жер алдық, — деді ол.
Қырғызстан келіскені үшін Унжу-Булактан 500 га, Сулютуге кіреберіс маңындағы Кароол-Донда 100 га, Катта-Туздан 150 га жер алады.
— Бұл учаске даулы болды, ол жерде бұрын 300 га-ға тең бөлінген мұнай ұңғымалары бар. Жалпы, «Головной» суайрығы бойынша айырбас ретінде біз 750 га жер алдық, — деді Қ.Ташиев.