Қырғыз Республикасының Жогорку Кеңеші Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген тұлғалармен мерзімін одан әрі өтеу үшін алмасу туралы келісімді бірінші оқылымда ратификациялады. Ол сотталғандарды жазасын азаматы болып табылатын мемлекетте одан әрі өтеу үшін беру саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін реттейді.
Қырғызстан Республикасы Бас прокуратурасының мәліметінше, қазіргі кезде Өзбекстан Республикасында 42 қырғыз азаматы, ал Қырғызстанда 98 өзбек азаматы жазасын өтеп жатыр.