БастыСаясатЭкономика

Қырғызстан мен Мажарстан тауар айналымын екі есеге арттырды

Соңғы бес жылда Қырғызстан мен Мажарстан арасындағы өзара сауда көлемі екі есеге артты.

Бұл туралы Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Будапештте Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесу барысында мәлімдеді, деп жазады Trend агенттігі.

Қырғызстан президенті сондай-ақ Мажарстан тарапына Мажар-Қырғыз Даму қорының жарғылық капиталын 50 миллион АҚШ долларына дейін арттыру туралы шешімі үшін алғысын білдірді. Оның айтуынша, бұл шешім бірлескен бастамалар мен жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бұдан бөлек, Жапаров Мажарстанның Еуропа мен Орталық Азия арасындағы көлік дәліздерін дамытуға бағытталған инфрақұрылымдық жобаларға қатысуының маңыздылығын атап өтіп, Мажарстанның логистика және жаңа технологиялар саласындағы тәжірибесіне қызығушылық танытты.

Жапаров Мажар инвесторларының бастамаларына толық қолдау көрсетуге, оларға жобаларды жүзеге асыруда қорғау мен жәрдемдесуді қамтамасыз етуге дайын екенін білдірді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қырғызстан мен Мажарстан арасындағы сындарлы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, стратегиялық әріптестікті және бауырластық қарым-қатынастарды бекіту үшін бірлескен күш-жігер жұмсауға келісті.

Айта кетейік, Қырғызстан президенті 20 мамырда Будапешттегі Түркі Мемлекеттері Ұйымы (ТМҰ) Басшыларының бейресми саммитіне қатысты.

TuraNews

Back to top button