БастыСаясат

Қырғызстан мен ЕО екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады

24 қаңтарда Қырғызстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Медер Абакиров Еуропалық Одақтың Қырғыз Республикасындағы Елшісі Мэрилин Джозефсонмен кездесті.

Қырғызстан СІМ-нің хабарлауынша, кездесу барысында Қырғызстан мен ЕО арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен перспективалары, сондай-ақ жақын арада бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарлары талқыланды.

Медер Абакиров екіжақты қарым-қатынастардың маңыздылығын атап өтіп, Қырғызстанның барлық салада ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін жеткізді. Өз кезегінде Мэрилин Джозефсон Қырғызстанның Еуроодақтың Орталық Азиямен байланысындағы маңызды рөлін атап өтіп, әріптестіктің әрі қарай нығая беретініне сенім білдірді.

Сұхбат барысында тараптар белсенді диалогты жалғастырып, аймақтың дамуы мен гүлденуіне бағытталған бастамаларды бірге жүзеге асыруға дайын екендерін мәлімдеді.

 

TuraNews

Back to top button