Қырғызстан мен БАӘ мемлекеттік басқару саласында тәжірибе алмасу туралы меморандумға қол қойды
Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті мен Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Үкіметі арасында институционалдық даму және мемлекеттік басқаруды жаңғырту саласындағы тәжірибе алмасу туралы жаңа бес жылдық кезеңге арналған меморандумға қол қойылды.

Бұл туралы бейсенбі күні Trend агенттігі Қырғызстан Министрлер Кабинетіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Құжатқа Қырғызстан Министрлер Кабинетінің төрағасы Адылбек Қасымалиев пен БАӘ Үкімет істері министрі Мохамед бен Абдулла әл-Гергави қол қойды. Құжатқа қол қою рәсімі Дубай қаласындағы Бүкіләлемдік үкіметтік саммит аясында өтті.
Өзара түсіністік туралы меморандум институционалдық әлеуетті нығайту, басқару процестерін жетілдіру, болашақ мүмкіндіктерін құру және ынтымақтастықтың басқа да салалары бойынша бірлескен іс-қимылдарды дамытуға бағытталған.
Хабарланғандай, бұл меморандум аясында БАӘ қолдауымен әзірленген «Үкіметтік акселераторлар» бағдарламасын іске асыру жалғасады. Бағдарлама бюрократиялық кедергілерді еңсеру және елдің тұрақты даму жолына түсуін қамтамасыз ету мақсатында 100 күндік салалық реформаларды жүргізуге бағытталған.
Еске сала кетейік, 10 ақпанда Адылбек Қасымалиев жұмыс сапарымен БАӘ-ге барды.