ӘлемСаясат

Қырғызстан Конституциялық соты өлім жазасын енгізу туралы президент бастамасын қарастырады

Қырғызстан Республикасының президентінен Конституциялық сотқа «Қырғызстан Конституциясына өзгеріс енгізу туралы» заң жобасына қорытынды беру жөнінде ұсыныс түсті, деп хабарлайды Кабар агенттігі.

Заң жобасында Конституцияның 25-бабының 1-бөлігінде өзгеріс енгізу ұсынылады, ол бойынша балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы аса ауыр қылмыстарға және зорлық-зомбылық жасап, кісі өлтіргендерге өлім жазасын ерекше жаза шарасы ретінде қолдану мүмкіндігі қарастырылады.

Қосымша материалдарда көрсетілгендей, бұл бастама балалар мен әйелдерге қатысты аса ауыр қылмыстардың өсуімен байланысты және олардың конституциялық-құқықтық қорғалуын күшейтуге бағытталған.

Ұсынылып отырған өзгерістер қабылданған жағдайда, Қырғызстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне қатысты мәселелер кейінгі құқықтық және қажетті рәсімдер аясында шешіледі.

Қырғызстан Республикасының президенті Конституцияның 116-бабының 4-бөлігін басшылыққа ала отырып, аталған заң жобасына ресми қорытынды сұраған.

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button