
Қытай мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы 5,6 балдық жер сілкінісі болды, деп Turanews.kz хабарлайды Some.kz сайтына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігі «СТӘЭ» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 27 ақпанда Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 5:58-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 12,1. Магнитудасы — 5,6. Тереңдігі — 10 шақырым», — делінген хабарламада.