Басты
Қырғыз-Қытай шекарасында түнде жер сілкінісі тіркелді
10 қаңтар күні сағат 23:48-де Қырғыз-Қытай шекарасына жақын жерде эпицентрінде магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, зілзала ошағы Қытай аумағында, Бедел ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 53 шақырым, Ақ-Шыйрақ ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 57 шақырым, Құмтөр кенішінен оңтүстік-шығысқа қарай 95 шақырым, Қаракөл қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 130 шақырым жерде жатыр.
Қырғыз Республикасының елді мекендерінде жер сілкінісінің күші Бедел ауылында 3 балл шамасында болды.