БастыҚоғамСаясатЭкономика

Қырғыз елі жіберген гуманитарлық жүк көліктері Түркістанға келіп жетті

Гуманитарлық көмекке арналған жүктер тиелген 15 фура Қырғызстан Республикасынан Түркістан қаласына келіп жетті.

Қырғызстан Республикасы ТЖМ вице-министрі Урматбек Шамырқанов су тасқыны орын алған өңірлерге арналған жүкті басқарып келді. Автокалонаны Түркістан облыстық ТЖД бастығының орынбасары Асхат Ержанов қарсы алды.

Қазақстан Республикасының аумағында полиция қызметкерлерінің сүйемелдеу жұмыстары ұйымдастырылды. Гуманитарлық жүк Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарындағы тасқын судан зардап зеккен халыққа арналған. Таңертеңмен гуманитарлық көмек тиелген 15 фура су тасқыны орын алған аймақтарға жолға шықты.

TuraNews

Back to top button