БастыСпорт

Қырғыз боксшысы еліне тұңғыш тарихи Олимпиада жүлдесін сыйлады

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қырғызстандық боксшы Мұнарбек Сейітбекұлы Париждегі Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты.

Бұл Қырғызстан тарихында тұңғыш рет орын алып отырған тарихи сәт болды, деп жазады Kazinform агенттігі.

57 келі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалдық кездесуде қырғыз боксшы 2021 жылғы әлем чемпионы және 2023 жылғы Панамерикан ойындарының чемпионы Джамал Харвимен жұдырықтасып, қарсыласынан айласын асырды.

Осылайша, Мұнарбек Сейітбекұлы Олимпиаданың жартылай финалына шығып отыр. Оның қоржынында қазір кем дегенде қола медаль бар. Осыған дейін қырғыз боксшылары Олимпиада тарихында жүлделі орындардан көрініп көрмеген.

Естеріңізге сала кетейік, аталған салмақ дәрежесінде қазақстандық Махмұд Сабырхан сынға түскен болатын. Ол бірінші айналымда испаниялық Хосе Кильеске 4:1 есебімен есе жіберіп қойған болатын.

Айта кетсек, қазір Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар. Жалпы медальдар кестесінде 29-орында тұр.

 

TuraNews

Back to top button