Қоғам
Қырғызстандағы қаралы күнге байланысты Түркі академиясында тулар төмен түсірілді
19 қыркүйек Қырғызстан Республикасында Президент Садыр Жапаровтың Жарлығымен қаралы күн болып жарияланды.
Жарлыққа сәйкес, ұлттық аза тұту күні елдің барлық аумағында, сонымен қатар шет елдердегі дипломатиялық және консульдық мекемелерде Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік туы төмен түсіріледі.
Осыған байланысты Халықаралық Түркі академиясына мүше және бақылаушы мемлекеттердің тулары төмен түсірілді.