Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылауда
Шығыс Қазақстан облысында өрт қауіпті кезең басталды. Тек бір тәуліктің ішінде шөп өртін сөндіруге шамамен 15 рет шығу тіркелді.
Ахуалды тұрақтандыру және халыққа өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру мақсатында ШҚО ТЖД мен Өскемен қаласының ТЖ басқармасы, ҚР ТЖМ екінші құтқару батальонының әскери қызметшілері және еріктілермен бірлесіп, от пен құрғақ шөптің жануынан жиі өрт шығатын бау-бақша учаскелерінде профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Саяжай учаскелерде қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ету керектігі және ҚР «Әкімшілікқұқықбұзушылықтуралы» кодексінің 336 және 410-баптарына сәйкес құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жағдайды бақылау үшін дрон пайдаланылды. Ол биіктен өрт ошағын жедел анықтауға және өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған аумақты тануға мүмкіндік береді.
Өңірде өрт қаупін тудырған үш азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«ШҚО ТЖД мамандары профилактикалық жұмыстарды бастап кетті. Азаматтарға өртпен абайсыз әрекеттердің салдары шөп немесе ошақтан шыққан өрттің тұрғын үйлер мен ғимараттарға таралуына әкелетінін түсіндірудеміз. Өрттің алдын алу және келтіретін залалдан қорғану жолдарын түсіндіреміз», – деді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Нұржан Өміржанов.
ШҚО ТЖД еске салады: өрт қауіпті кезеңде елді мекендер, ұйымдар мен бау-бақша қоғамдарының аумақтарын жанғыш қалдықтардан, қоқыстан, қалдықтардан және құрғақ шөптен тазарту қажет. От жағу, қалдықтар мен қалдықтарды өртеу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта, желсіз ауа райында, бақылаумен және өрт сөндіру құралдарының болуы жағдайында жүзеге асырылуы тиіс.
Мангалды тек арнайы бөлінген, жанғыш қоқыстан тазартылған алаңдарда қолдануға болады. Ғимараттар мен құрылыстардан қашықтығы кемінде 10 метр болуы тиіс.
Ескерту:
От тұтату үшін бензин немесе тез тұтанғыш сұйықтықтарды қолданбаңыз
Мангалда от жаққаннан кейін оны қараусыз қалдырмаңыз
Жанында өрт сөндірудің бастапқы құралдары: су құйылған бөшке, өрт сөндіргіш болсын
Отты сөндіріп, мангалды қақпақпен жабуды ұмытпаңыз