Қоғам
Құрбан айт күні Ташкент метросын тегін пайдалануға болады
Ташкент метросы Құрбан айт күні әдеттегіден 2 сағат бұрын жұмысын бастайды.

Бұл туралы метрополитен баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Уза агеннттігі.
16 маусымда жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында метро таңғы сағат 03:00-де жұмысын бастайды.
«Құрбан айт күні Ташкент метросы барлық жолаушыларға сағат 03:00-ден 10:00-ге дейін тегін қызмет көрсетеді», делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, мерекеге байланысты басқа күндері қызмет жексенбіге бекітілген кесте негізінде сағат 05:00-ден бастап көрсетіледі.