Құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» және жазаның бұлтартпастығы принциптері қалай жұмыс істейді?
ІІМ қауіпсіз тәртіп ережелерін сақтауға дағдыландыру үшін балаларға «Зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау үшін не істеу керек», ата-аналарға – «Бала зорлық-зомбылықтың құрбаны болмауы үшін не істеу керек» тақырыбында жадынамалар әзірледі.
Құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен хабарламаларға жедел ден қою, рейдтер, дәрістер, қауіпсіз тәртіп туралы жадынамалар әзірлеу – Қазақстанның ішкі істер органдарының қызметкерлері заңды сақтау, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері бойынша кешенді жұмыс жүргізуде.
Ең бастысы – ұсақ қылмыс болмайтынын түсіну. Балалардың тентектігі де қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін.
Қазақстандық полицейлер осыны ата-аналар мен балаларға түсіндіруде.
Мысалы, тәртіп сақшылары ел бойынша жас оқушылармен кездесулер өткізді. Олар құқық бұзушылықтар, соның ішінде есірткі қылмыстары, буллинг, бопсалау, вандализм және бұзақылық үшін қарастырылған жауапкершіліктер туралы айтады. Ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатын бұзушылықтарға ерекше назар аударылады.
ІІМ қауіпсіз тәртіп ережелерін сақтауға дағдыландыру үшін балаларға «Зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау үшін не істеу керек», ата-аналарға – «Бала зорлық-зомбылықтың құрбаны болмауы үшін не істеу керек» тақырыбында жадынамалар әзірледі. Олар әлеуметтік желілерде, мобильді мессенджерлерде, ата-аналар, мектеп және жалпы үй чаттарында таратылады.
Әңгімелесулер, дәрістер, кездесулер мен жадынамалардан басқа, полиция жергілікті тексерулер жүргізуде және жедел-профилактикалық іс-шаралар, рейдтер, жергілікті тексерулер мен акциялар өткізіп жатыр.
Айта кетейік, ШҚО Полиция департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарынан осы іс-шараны өткізуге түсіністікпен қарауды және құқық бұзушылықтарды анықтауға жәрдем көрсетуді сұрайды.
Егер сіз қоғамдық орындарда қылмыс немесе құқық бұзушылық жасау фактілері бойынша куә болсаңыз немесе басқа да маңызды ақпаратқа ие болсаңыз, кез келген жақын маңдағы полиция бөліміне хабарласуыңызды немесе 102 жедел нөміріне немесе «102» мобильді қосымшасы арқылы қоңырау шалуыңызды сұраймыз.