Басты
Trending

Құйған ауылында жаңа кәсіп: «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы ашылған наубайхана

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Құйған ауылында шағын кәсіпкерліктің дамуына тың серпін беретін қуанышты жаңалық орын алды.

Ауыл тұрғыны Болекбаева Нұргүл «AMANAT партиясының «Ауыл аманаты» бағдарламасының қолдауымен өз наубайханасын ашып, ауыл халқын күнделікті жаңа, ыстық нанмен қамтамасыз ете бастады. Бағдарлама аясында алынған заманауи құрал-жабдықтар наубайхананың толыққанды жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, тұрғындардың сұранысын өтеу деңгейін арттырды.

Кәсіпкердің айтуынша, жобаның басты артықшылықтарының бірі — төмен пайызды несие мен құжаттарды жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеу үдерісі. Осы қолайлы шарттардың арқасында Нұргүл өз ісін тез бастап, жоспарлаған кәсібін қысқа уақыт ішінде жүзеге асыра алған. Бүгінде наубайхана ауыл тұрғындарын үздіксіз, сапалы өніммен қамтып отыр.

«Ауыл аманаты» жобасы мен үшін үлкен мүмкіндік болды. Көптен бері наубайхана ашуды жоспарлап жүрген едім. Бағдарламаның жеңілдіктерінің арқасында қажетті құрал-жабдық алып, өз ісімді бастап кеттім. Қазір ауылдастарымды күн сайын жаңа, сапалы нанмен қамтып отырмын. Бұл — менің ғана емес, бүкіл ауыл үшін қуанышты өзгеріс деп ойлаймын. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында алдағы уақытта өнім түрлерін көбейтуді жоспарлап отырмын»,-дейді «Ауыл аманаты» жобасының қатысушысы Нұргүл Болекбаева.

Құйған ауылында іске қосылған жаңа наубайхана — мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесі және ауылдың өркендеу жолындағы маңызды қадамдарының бірі.

TuraNews

Back to top button