БастыСаясат

ҚР СІМ: Қазақстан Палестина мемлекетінің 1967 жылы бекітілген шекарада құрылуын қолдайды

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу 11 қарашада Сауд Арабиясында өткен Араб мемлекеттері лигасы мен Ислам ынтымақтастық ұйымының саммитінде осындай мәлімдеме жасады, деп жазады TuraNews.kz.

ИЫҰ кезектен тыс саммитінде сөйлеген сөзінде ҚР Сыртқы істер министрі Қазақстан палестиналықтардың өзін-өзі анықтауға және астанасы Шығыс Иерусалимде орналасқан 1967 жылғы шекарада халықаралық деңгейде танылған Палестина мемлекетін құруға заңды құқықтарын толық қолдайтынын мәлімдеді. Таяу Шығыс дағдарысын реттеу тек БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бекіткен «екі халық үшін екі мемлекет» формуласы негізінде ғана мүмкін болатындығы аталып өтті.

«Қазақстан Газа секторында әскери қимылдарды дереу тоқтатуға шақыра отырып, ИЫҰ-ға қатысушы елдермен ынтымақ танытты және танытуды жалғастыруда», – деді Нұртілеу.

TuraNews

Back to top button