
«Астық қабылдау кәсіпорындарының егін жинауға дайындығы маңызды мәселе. Мәселен, республика бойынша астықты сақтаудың жалпы сыйымдылығы 30 млн тоннадан асады, оның ішінде 13 млн тоннадан астамы жұмыс істеп тұрған лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарында, 17 млн тоннадан астамы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде», – деді вице-министр.
Спикер атап өткендей, жаңа егіннен лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына 6,7 млн тонна астық түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.
«Сақтауға түскен жұмсақ бидай көлемінің 54%-ы үшінші сыныпқа, 34%-ы төртінші сыныпқа, ал 12%-ы бесінші сыныпқа және ешбір сыныпқа жатпайтын бидай түріне жатқызылды. Бұл егін жинау науқаны мен бүкіл вегетациялық кезеңдегі ауа райының салдары», – деді Азат Сұлтанов.