Қоғам

Қостанай облысының жолшылары Түркия азаматтарына көмек көрсетті

Жол қызмектерлері шет ел азаматтарына қажетті көмектің барлығын дер арада көрсетті

Республикалық маңызы бар Р-36 «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 210 шақырымында жол жиегіне түсіп кеткен жүк көлігіне жолшылар дер арада көмек қолын созып, көлік жолаушыларын жақын маңдағы қонақүйге орналастырды, деп хабарлайды TuraNews.kz КазАвтоЖол-ға сілтеме жасап.

Көлік ішінде Түркия азаматтары болған.

Аталған автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілмеген, жол жабыны қалыпты болған.

Алайда, жолда орнатылған жылдамдықты арттыруға тыйым салатын шектеу белсігін елемеген ауыр жүк көлінің жүргізуішісі қатты жылдамдықпен келгендіктен жол жиегіне тайып кеткен. Оның үстіне көліктің тежегіші үзілгені де анықталды.

«Жол қызмектерлері шет ел азаматтарына қажетті көмектің барлығын дер арада көрсетті. Олар жүк көлігін Қарасу ауданына қарасты Октябрь ауылы маңындағы көлік жөндеу орталығына сүйреп жеткізді. Сапарлаушылар болса, жолшылар көмегіне дән риза»,- денілген хабарламада.

TuraNews

Back to top button