Қоныс аударушылар Егінді ауылының әлеуетін арттыруда

Ұлытау облысы, Егінді ауылы — ауданымыздағы ауыл халқын тұрақтандыру және көбейтуге бағытталған көші-қон бағдарламасы аясында жыл сайын қоныс аударушылар саны артып келеді. Бұл бағдарлама өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, ауылдық жерлердің әлеуетін арттыруға және білім беру мекемелерінің кадрлық құрамын нығайтуға бағытталған маңызды әлеуметтік жоба болып табылады.
2025 жылы аудан басшысы Аманжол Мырзабеков мектеп оқушылары аз елді мекендерді толықтыруға басымдық беріп, жоспарланған іс-шараларды ұйымдастыруға нақты тапсырмалар берді. Нәтижесінде, биыл Егінді ауылына 3 отбасы қоныс аударып, жаңа тұрмысын бастады. Бұл қадам ауылдың әлеуетін арттыруға, мектеп ұжымын толықтыруға және ауыл өміріне жаңа белсенді тұрғындар қосылуына мүмкіндік берді.
Қоныс аударушылар туралы мәліметтер:
- Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бекбауыл елді мекенінен Дүзбаева Ақмарал Серікбайқызыекі баласымен қоныс аударып, Егінді мектебінің бастауыш сынып мұғалімі ретінде педагогикалық ұжымды толықтырды. Оның інісі Серкешбай Есет Серікбайұлы «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша дене шынықтыру пәні мұғалімі болып қызмет атқаруда.
- Түркістан облысы, Түркістан қаласынан Серікқызы Гүлжайнаотбасы Егінді ауылын жаңа мекен етіп, белсенді ауыл өміріне араласып, төрт баласын тәрбиелеп отыр; үшеуі қазіргі таңда Егінді мектебінде білім алуда.
- Бағдарламадан тыс, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіненМамай Бақытжан Жұбанышұлы мен Раматулла Айдана Асылбекқызы отбасы Егінді ауылына қоныс аударып, үш баласын тәрбиелеп отыр; олардың бірі Егінді мектебінің оқушысы.
Биылғы жылы бағдарлама аясында ауданымызға жалпы 9 отбасы, 30 мүшесі қоныс аударды, ал жыл аяғына дейін тағы 1 отбасы көшіп келуге ниет білдіріп, құжаттары дайындалуда.
Ауданымыз әрбір қоныс аударған отбасын құшақ жая қарсы алып, жаңа ортаға бейімделуіне жан-жақты қолдау көрсетеді. Бұл қадам ауылдың әлеуетін арттыруға, тұрғындар санын тұрақтандыруға, сондай-ақ білім беру мекемелерінің кадрлық құрамын нығайтуға бағытталған маңызды шара болып отыр.
Сонымен қатар, болашақта қажетті мамандықтарға сәйкес ауылдық жерлерге көшіп келушілерге жаңа тұрғын үйлермен қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда. Бұл — өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және ауылдық жерлердің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған кешенді шаралар.
Егінді ауылындағы қоныс аударушылардың келуі жергілікті қоғам өміріне жаңа серпін беріп, ауыл мектептері мен әлеуметтік мекемелердің жұмысын жандандырады. Сондай-ақ, бұл процесс аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етіп, ауылдық жерлердегі еңбек ресурстары мен мәдени өмірді жандандыруға септігін тигізеді.



