Мәдениет

Қожанасырдың әлемге танымал екенін білетін бе едіңіз?

Түркі мәдениетінің маңызды тұлғаларының бірі – Насреддин Ходжа (Қожанасыр).

Қожанасыр – Орта Азияны мекен еткен түркі халықтарына ортақ бейне. Ол күлкілі, қалжыңға толы әңгімесімен танылған. Қоғамның өткір мәселелерін күлкіге айналдырып, қарапайым халықтың мұң-мұқтажын әзілмен айтқан кейіпкердің туған жері мен ұлты жайын дөп басып айту қиын. Тіпті Қожанасыр өмірде болмаған, халық ойлап тапқан кейіпкер де болуы мүмкін.

Қайтыс болуымен байланысты Қожанасырдың атынан айтыла бастаған әңгімелер, хикаялар сол ғасырда пайда болып, бұл хикаялардың саны ғасырлар бойы көбейе берді. Халық философы «Насреддин Ходжа» бүкіл Түркі әлемінде танымал және сүйікті. Оны Әзербайжанда «Молла Насреддин», Қазақстанда «Қожанасыр», Өзбекстанда «Насреддин Эфенди» деп атайды. Қожанасыр туралы хикаялар түркі халықтарына қоса араб, болгар, Қытай, Иран, венгр, орыс сияқты әртүрлі қоғамдарда да айтылып, сол қоғамдардың жергілікті кейіпкерлерінің әңгімелерімен біріктірілген. 1996 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен бүкіл әлемде «Насреддин Ходжа жылы» деп тойланды.

Насреддин Ходжа жазба мәдениетінің баршаға мәлім ең көне әңгімесі 1480 жылы Анадолы түрік дастандарының бірі болған «Салтукнамеде» кездеседі. Леонид Соловьев 1-ші томын 1940 жылы жариялаған екі томдық шығармасы «Насреддин Ходжа» атты туындысы роман түрінде баяндалады және Орталық Азияның кейіпкері ретінде таныстырылады.

Жалпы таралымы 1,5 миллионды құрайтын туынды «Насреддин Ходжа» кітаптарының қазірге дейін ең көп сатылым санына жетті. Сондай-ақ неміс, венгр, грек, серб-хорват сияқты көптеген тілге аударылды.

Насреддин Ходжа туралы сөз қозғап, оған сөзді қалдырмау мүмкін емес.

Насреддин Ходжадан жердің орталығының қайда екені туралы сұраған екен.

Ходжа бұл сұраққа «жердің ортасы менің қолымдағы таяқтың жерге тиетін жері» деп жауап қайтарып «Сенбесеңіз, өлшеңіз» депті.

Source
TRT

TuraNews

Back to top button