Қоғам

Қоғамдық орында балағат сөз айтқаны үшін салынатын айыппұл мөлшері өсті

Бүгіннен бастап Қазақстанда қоғамдық орындарда балағат сөз айтқаны үшін салынатын айыппұлдың мөлшері 4 есе артты.

Қазақстанда қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандарға (ұсақ бұзақылық) салынатын айыппұл төрт есе өсті. 6 наурыздан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енеді, — деп Turanews.kz хабарлайды.

Бұған дейін сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 АЕК (17 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салатын немесе 15 тәулікке дейін қамауға алатын еді. Ал бүгіннен бастап айыппұл 20 АЕК (69 000 теңге) құрайды, қамауға алу 5-тен 30 тәулікке дейін ұзарады.

Еске салайық, түзетулер алғаш ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Президент түзетулерге 2023 жылдың 3 қаңтарында қол қойған болатын.

TuraNews

Back to top button