БастыТехнология
Қазнетке хакерлер шабуыл жасады
Бірнеше күннен бері Интернетте қазақстандық сегментке кибершабуылдар жасалған, — деп Мемлекеттік техникалық қызмет сайтына сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды .
«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ интернеттің қазақстандық сегментіне кибершабуылдар бірнеше күннен бері жалғасып жатқанын хабарлайды. Мақсатты кибершабуылдар елдің мемлекеттік органдарына да, Қазнет инфрақұрылымына да бағытталған. Кибершабуылдар салдарынан интернетке қосылуда кідіріс болып жатыр», — делінген хабарламада.
«МТҚ» АҚ ұзақ мерзімді кибершабуылдар елде және әлемде болып жатқан әлеуметтік оқиғалармен байланысты деп болжап отыр.