Қазақстан – іргедегі Өзбекстанның үшінші ірі сауда серіктесі. Осы елдегі Төтенше және өкілетті елші Бейбіт Атамқұлов Қазақстан-Өзбек іскерлік кеңесінің жиынында екі арадағы алыс-берістің бүгінгі беталысына тоқталды.
«Қазақстан Өзбекстанның негізгі сауда серіктестерінің арасында тұрақты түрде үшінші орын алып отыр. 2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда 44,4 млрд доллар болды», — деді елші.
Елшілік мәліметіне сүйенсек, Дипломат Өзбекстанға баратын қазақстандық туристердің саны жылдан-жылға артып келе жатқанын атап өтті.
«Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бизнес-кооперация жоғары деңгейге шығып отыр. Бұл елде қазақстандық капиталға құрылған 1043 кәсіпорын табысты жұмыс істеп тұр. Өзбекстанда бірлескен кәсіпорын құру көрсеткіші бойынша да үшінші орында тұрмыз. Мұның бәрі арадағы жақындық пен тығыз қарым-қатынастың дәлелі», — деді Бейбіт Атамқұлов.