Қоғам

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды

Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді.

ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен сағат 11-14-те жер сілкінісі тіркелді, эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 308 км жерде орналасқан, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.2. MPV магнитудасы 5.3. Эпицентрдің координаттары 42.77° С. Е. 73.18° Ш. Б. тереңдігі 25 км.

Жамбыл облысының Мерке к. 2 балл. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ. Мониторинг жүргізілуде.

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам

1.Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;

3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;

4. Жасырынатын жерді табыңыз — жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;

5. ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз

6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;

7. Дабыл жол сандығын алыңыз ( *алдын ала дайындау қажет);*

8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;

9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;

10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

 

TuraNews

Back to top button