Қазақстанның он өңірінен келген оқушылар көшбасшылық білім беру бағдарламасына қатысады
24-29 наурыз аралығында Алматы қаласындағы "Ақ-Бұлақ" тау курортында "Beginit: Leadership for Social Justice" бағдарламасының жартылай финалы (bootcamp) өтеді.

Қазақстанның 10 өңірі мен Қырғызстанның Шу облысынан келген 70 дарынды оқушы әлеуметтік көшбасшылық дағдыларын жетілдіріп, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға дайындалып жатыр.
Бұл қатысушылар төрт айлық онлайн курстың 500 тыңдаушысы мен алдын ала іріктеуге қатысқан 1150 үміткердің арасынан үздік шыққан. 2024 жылы бағдарламаға 50 оқушы қатысқан болатын, ал биылғы қатысушылар санының артуы бағдарламаға деген қызығушылықтың айтарлықтай өскенін көрсетеді.
Beginit – әлеуметтік көшбасшылықты дамытуға арналған бір жылдық білім беру бағдарламасы. Ол онлайн оқыту, белсенді bootcamp және әлеуметтік жобаларды іске асыруды біріктіреді, бұл қатысушыларға өз қауымдастықтарында өзгерістердің қозғаушы күші болуға көмектеседі.
Биылғы қатысушылар арасында Ақтөбе (6), Ақтау (4), Батыс Қазақстан облысы (7), Қарағанды (5), Қостанай және аудандар (13), Павлодар және Бурабай (7), Шығыс Қазақстан облысы (8), Жамбыл және Қызылорда облыстары (12), сондай-ақ Қырғызстанның Қант және Қара-Балта қалаларынан келген 6 оқушы бар.
Bootcamp форматы негізгі әлеуметтік көшбасшылық дағдыларын дамытуға бағытталған. Тренингтер, рөлдік модельдермен кездесулер және жеке тәлімгерлік арқылы қатысушылар өз қабілеттерін шыңдайды. Психологтар мен педагогтар олардың сыни ойлау, көпшілік алдында сөйлеу және топпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге көмектеседі. Өзін-өзі басқаруға жақын ортада өмір сүру тиімді ынтымақтастық пен бейімделу қабілетін арттырады.
Осындай тәсілдің арқасында қатысушылар өз жобаларына дайындалып қана қоймай, өздерін тереңірек танып, ұжымдағы рөлін айқындайды және әлеуметтік мәселелерді бірлесіп шешуге қабілетті пікірлес қауымдастықтар қалыптастырады. Биылғы жылы шабыттандыратын рөлдік модельдер ретінде inDrive амбассадоры Алтайыр Абдрахманов, iDos Games негізін қалаушы Айдос және Ninety One тобының мүшесі Ace шақырылды.
Бағдарламаның басты кезеңі – Жоба модулі, онда қатысушылар өз қауымдастықтарында «Мектепке қауіпсіз жол» (Safe Way to School) бастамасын жүзеге асырады. Жоба балалардың мектепке барар жолындағы қауіпсіздік мәселелеріне жергілікті қауымдастықтардың назарын аударуға және тиімді шешімдерді табу үшін жергілікті билікпен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Әсіресе, ауыл тұрғындарының белсенді қатысуына баса мән беріледі.
Өткен жылы бағдарламаға қатысушылар 37 елді мекенде 339 жол учаскесін зерттеп, жергілікті билікке 37 кешенді шешім ұсынды. Жарқын мысалдардың бірі – Балауса Сатымбектің бастамасы. Оның Жамбыл облысындағы Жасөркен ауылында қауіпсіз аялдама пунктін құру жөніндегі ұсынысы жүзеге асырылып, 2024 жылдың соңында сәтті аяқталды.
“inDrive компаниясы Қазақстанда білім беру саласындағы флагмандық жобаларды жүзеге асырады, кейін оларды біз бизнес жүргізетін басқа елдерге таратамыз. Біз мектеп оқушыларының заманауи білім мен дағдыларды игеруіне жол ашып, олардың әлеуметтік өзгерістердің көшбасшысы болуына көмектесуге тырысамыз”, — деп атап өтті inDrive компаниясының Beginit жобасының жетекшісі Елена Тропинова.
Beginit бағдарламасын толықтай inDrive компаниясы қаржыландырады, оған әуе билеттері, тұру және барлық қатысушылардың шығындары кіреді. Финалистер жүлделер мен 2025 жылдың қыркүйегінде Алматыда ашылатын жаңа inVision U университетіне түсу мүмкіндігін алады.
inVision U университеті тегін оқытуды, тұруға арналған стипендияларды, тамақтану мен көлік шығындарын өтейді, сондай-ақ бакалаврда табысты оқуға көмектесетін Foundation дайындық курсын ұсынады. Бұл курс сыни ойлауды, ағылшын тілін, математиканы және IT дағдыларын дамытуға бағытталған.
Жоба туралы
Beginit – әлеуметтік көшбасшылық дағдыларын дамытуға және жергілікті қауымдастықтарда әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бағытталған бір жылдық білім беру бағдарламасы. Бағдарлама теориялық оқытуды практикалық тәжірибемен ұштастыра отырып, Қазақстан мен Қырғызстанның өңірлерінен келген жоғары сынып оқушыларына көшбасшылық дағдыларды меңгеруге және оларды іс жүзінде қолдануға көмектеседі.
Әлеуметтік көшбасшылықты насихаттау – Beginit бағдарламасының басты миссиясы. Ол қатысушыларды тек білім мен дағдылар алуға ғана емес, сонымен бірге оларды нақты әрекеттерге айналдыруға және өз қауымдастықтарын жақсартуға шабыттандырады. Бағдарламаның негізгі аудиториясы – өз өңірлеріндегі әлеуметтік мәселелерді шешуге және қоғам өмірін жақсартуға мүдделі белсенді жоғары сынып оқушылары.
«Leadership for Social Justice» оқу курсы сыни ойлау, көпшілік алдында сөйлеу, топтық жұмыс және басқа да маңызды дағдыларды дамытуға бағытталған. Қатысушылар әлеуметтік көшбасшылық теориясын меңгеріп, оны бірден тәжірибеде қолданады. Олар өз қауымдастықтарында тұрақты өзгерістерге ықпал ететін жобаларды әзірлеп, жүзеге асырады.
inDrive – мобильділік пен қалалық қызметтерге арналған жаһандық платформа, оның миссиясы – әлеуметтік әділетсіздікпен күрес. Өз миссиясына сүйене отырып, компания 2030 жылға қарай бір миллиардтан астам адамның өміріне оң әсер ету мақсатын қояды. Бұл мақсатқа жергілікті қауымдастықтарды қолдайтын әділ баға белгілеу моделі арқылы негізгі қызметі аясында да, сондай-ақ өзінің коммерциялық емес inVision ұйымының жұмысы арқылы да қол жеткізеді. inVision бағдарламалары білім беру, спорт, өнер мен ғылымды, гендерлік теңдікті және басқа да маңызды бастамаларды дамытуға бағытталған.
inDrive бүгінде 48 елдегі 888-ден астам қалада жұмыс істейді. Компанияның мобильді қосымшасы 300 миллион рет жүктеліп, 2024 жылы әлемдегі ең танымал такси шақыру қосымшаларының ішінде екінші орынға ие болды.
Такси қызметінен бөлек, inDrive қала тұрғындарына қалааралық тасымалдау, жүк тасымалдау, курьерлік жеткізу, қаржылық қызметтер және e-grocery секілді кең ауқымды қызметтерді ұсынады. Қосымша ақпарат алу үшін www.inDrive.com сайтына кіріңіз.